Алматы облысында көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Фото:
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысының полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Талғар қаласында болды. Тәртіп сақшылары көпірде тұрған 16 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын байқайды.

«Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша суицидті болдырмады», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы тыныштандырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырды. Белгілі болғандай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Әкесімен және ағасымен бірге тұрады. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасып, өмірімен қош айтыспақ болған.



Фото: polisia.kz





Соңғы жаңалықтар