Алматы облысында көпбалалы отбасынан шыққан 40 мың бала лагерьде демалады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 40 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады. Бұл мақсатқа өңірлік «Әлеуметтік карта» бағдарламасымен 280 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылы жергілікті билік жалпы 355 мыңнан астам баланы лагерьлер мен сауықтыру орындарына жібермек. Яғни, аймақтағы оқушылардың 96 пайызын арнайы орындарда тынықтыру көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылы 89 процент көлемінде болған.

«Бізде облыста 1500-ден аса сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның ішіне мектеп жанындағы лагерьлер кіреді. Мектеп жанындағы лагерьлердің 558-інде тамақтандыру қарастырылған, ал 691-інде ондай мүмкіндік жоқ. Ал жазғы демалыс орындары 5 маусымнан бастап жұмыс істейді», - деді облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Елубаева.

Соңғы жаңалықтар