Алматы облысында көпбалалы отбасыларға 2 көпқабатты үй салынады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көпбалалы отбасыларға арналған 2 көпқабатты үйді жобалау жұмыстары басталды. Бұл туралы өңір басшысы Амандық Баталов тұрғындар алдында жасаған есебінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификаттары бөлінетін болды. Өңір басшысы сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға табиғи газға қосылуға жеңілдіктер қарастырылып, 16 мың жеке үйге улы газды анықтайтын құрылғылар орнатылатынын айтты.

«Мұнан бөлек жағдайы төмен отбасылардың балалары 100 пайыз мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Сонымен қатар көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп бітірушілерге жоғары оқу орындарына 100 грант бөлінеді. Қазіргі таңда осындай грантпен 246 студент білім алуда. Көпбалалы аналардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі қаралып жатыр», - деді Амандық Баталов халық алдында берген есебінде.

Соңғы жаңалықтар