Алматы облысында кооператив түріндегі қаржы пирамидасы анықталды
2022 жылғы 20 қаңтар 18:02

Алматы облысында кооператив түріндегі қаржы пирамидасы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында кооператив түріндегі қаржы пирамидасы анықталды. Бұл жайында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті «Елімай-201» ТК қаржы пирамидасын құру және басшылық ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ұйымдастырушылар азаматтардың қаражатын тұрғын үй кооперативі ретінде тартты. Қазіргі уақытта 90-нан астам зардап шеккен адам жүгінді», - делінген ведомство ақпаратында.

Агенттік мәліметінше, тергеу амалдары барысында зардап шеккендердің саны бұдан да көп екендігі анықталып отыр. Осыған байланысты агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті зардап шеккен азаматтарды Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі 11А мекен-жайына немесе +7 (727) 251-71-06 сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

«Елімай-2019» кооперативінің басшысы Ербол Қизбаев пен оның жұбайы Жазира Өмірбаеваға мемлекетаралық іздеу жарияланды. Олардың тұрғылықты жері туралы қандай да бір ақпарат болса департаменттің 8 (727) 251-71-06 телефон нөмірі немесе ұялы байланыс телефоны бойынша іздестіру бөліміне хабарлауды сұраймыз: +7-701-228-02-15. Құрметті азаматтар! ҚР Қаржы мониторингі агенттігі сақ болуды және қысқа мерзімде «жоғары табысқа» жетуге уәде беретін күдікті жобаларға ақша қаражатын салудан бас тартуға шақырады», - делінген агенттік ақпаратында.


Jańalyqtar

MURAǴAT