Алматы облысында Конституция күні қарсаңында 60 отбасы баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Конституция күні қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 60 жалдамалы пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күні 24 отбасы кілттеріне ие болса, қалғандары жақын арада комиссияға тапсырылатын болады.

Есік қаласының 4-шағын ықшамауданындағы орналасқан көпқабатты үйлердің кілттерін аудан басшысы Қуанышбек Кашкинбаев табыс етті.

Бүгінгі таңда көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар және жетім балалар қоныс тойын тойлауда.


Бұл пәтерлер аудан әкімдігінің жоспары бойынша бой көтерген. Пәтерлердің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 709 миллион теңге бөлінді.

Көп қабатты үйдің маңында 3 мектеп, аудандық аурухана, полиция бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) және басқа да мемлекеттік мекемелер жақын орналасқан.

«Ауданда көп балалы отбасылар санатынан, жетім балалардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, халықтың әлеуметтік осал топтарынан, тұрғын үйі апаттық деп танылған азаматтардан, мемлекеттік қызметкерлерден, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен бастап тұрғын үй кезегінде 2581 адам бар.


Бүгінгі таңда 30 көпқабатты екі тұрғын үй салынуда. Алдағы жылдары 180 отбасыға арналған 3 үй салу жоспарланып отыр», - деді аудан әкімі Қуанышбек Кашкынбаев.


Соңғы жаңалықтар