Алматы облысында көне қалалардың археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында Шеңгелді және Қырғауылды ауылдарының аумағында көне қалалардың археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Оған облыс бюджетінен 17 млн. теңге бағытталған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қоса таяу арада Сарқан ауданындағы «Қойлық», Ескелді ауданындағы «Ешкіөлмес» петроглифтеріне, Жамбыл ауданындағы «Бұрған сақ» пен «Таңбалытас» қорғандарына археологиялық зерттеу басталады. Бұл туралы облыс  әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифинг барысында мәлім етті.

«Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің және өңірдегі өлкетанушы, географ, тарихшы ғалымдардың бірлескен «Рухы бекем, киелі мекен - Жетісу» ғылыми-танымдық экспедициясына 5 мыңнан астам адам тартылды. Облыстағы киелі орындар туралы ел ішінен жинақталған аңыздар мен әңгімелер, фотоматериалдар екі томдықты құрап, жұмыстың нәтижесін көрсетті. Бірінші томы оқырмандарға жол тартса, екінші томы ертең басталғалы отырған экспедицияның қорытындысында шығарылатын болады», - деді Амандық Баталов.

Сонымен қатар биылғы жылдың іргелі шарасы ретінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға барған жолымен жүретін ғылыми-танымдық «Шоқан ізімен» экспедициясын және ҚХР-ға «Мұқали» медиа-экспедициясын атауға болады.

Соңғы жаңалықтар