Алматы облысында коммуналдық қызметтердің бағасын көтеруге мораторий енгізілді

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін халыққа арналған коммуналдық қызметтерге тарифтер мен бағаларды көтеруге мораторий енгізді.

Бұл туралы «Jetisy' Media» ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, табиғи монополия субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің халық үшін барлық тарифтері 2021 жылғы желтоқсан деңгейінде қалды. «Талдықорғантеплосервис» МКК жылу – 2657,23 тг/Гкал, ыстық су – 172,30 тг/кубометр. «Жетісу Су Арнасы» МКК су – 61,33 тг/текше метр, кәріз – 65,26 тг/текше метр. «Жетысу Энерготрейд» ЖШС - 17,11 тг/кВтс. «ТМС тарифтері халық үшін асып кеткен жағдайда ҚР ӘҚБтК - нің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделеді», - деп атап өтті ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының орынбасары Думан Қалибеков.

Сондай-ақ, Комитеттің тапсырмасы бойынша, департамент «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккен бизнес субъектілеріне 2022 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге коммуналдық төлемдерді төлеу мерзімін кейінге қалдыру және өсімпұлды есептемеу мәселесін пысықтады. Сонымен қатар, мемлекет мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгіледі: АИ маркалы бензин-литріне 80 – 89 теңге, Аи-92/93 – литріне 182 теңге, АИ-95 – литріне 215 теңге және дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – литріне 230 теңге.


Соңғы жаңалықтар