Алматы облысында көлікке қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында өздері отырған көліктің жүргізушісін жаралап, қарақшылық жолмен ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиға Іле ауданында орын алған. 28 қарашаға қараған түні Іле ауданының полициясына автокөлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі азамат ұстады.

Алдын ала анықтау бойынша, 25 және 33 жастағы екі күдікті жол-жөнекей тоқтатқан көлік жүргізушісіне дене жарақатын салып және бөтелкенің сынығымен қорқытып, қалтасындағы ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған.

«Қарақшылық» дерегі бойынша екі азамат күдікті ретінде ұсталды және оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған іс Іле ауданы полициясының өндірісінде»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Соңғы жаңалықтар