Алматы облысында көлік үйдің үстіне құлады

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылында көлік жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйге құлады, деп хабарлайды.
« 23 мамырдан 24-іне қараған түні BMW X5 көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың жиегінен асып, тұрғын үйдің үстіне құлады. Үйдің шатыры, газ, жарық бағаналары бүлінген. Оқиғадан жүргізуші өзі жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жүргізушінің үстінен ҚР ӘК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жақын күндері сотқа жолданады.

«Құлаған үйдің иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде. Апаттан газдың құбыры жарылмаған. Э лектр станцияның мамандары келіп электр бағанын қалпына келтірген»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған.



Соңғы жаңалықтар