Алматы облысында көлік ұрлап бара жатқан күдікті жол үстінде ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Марк-2» маркалы машинаны ұрлап бара жатқан күдікті жол үстінде қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, 21 жастағы жігіт автомобильді Алматы қаласынан қолды етіп, бірнеше сағаттың ішінде ұсталып қалды.

«Автокөлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, тәртіпке бағынбай тоқтамай кетті. Күдіктінің ізіне полиция қызметкерлері түсіп, жүргізушіні тоқтатты. Белгілі болғандай, машина бірнеше сағат бұрын Алматы қаласындағы Алмалы ауданынан ұрланған болып шықты. Ал жүргізуші көлікті Жамбыл облысына апара жатқан. Көліктің тізгініндегі жігіт ұсталып, жақын маңдағы ішкі істер бөліміне жеткізілді және ол Алматы қаласындағы Алмалы ауданының тәртіп сақшыларына көлігімен бірге табысталатын болады»,- деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Аталған ведомства толықтырғандай, күдікті осыдан бір апта бұрын Алматыда ұрланған «Митцубиси Паджеро» көлігінің ұрлығына да қатысы бар болып шығыпты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұл машианы да Жамбыл облысына жеткізбек болған. Бірақ, көліктен жолда ақау шығып, оны Алматы облысының аумағындағы жолдың бойына қалдырып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар