Алматы облысында көлік ұрлаған бойжеткен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында соңғы тәулікте өзгенің көлігін айдап кеткен үш күдікті ұсталды. Ұрланған автокөліктер иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған екі факті Қарасай ауданында, енді бірі Панфилов ауданында тіркелген.

«Қарасайдағы Береке және Еңбекші ауылдарынан «Фольксваген поло» және «Мазда-626» көліктері, ал Панфилов ауданындағы Шолақай ауылынан «ВАЗ-2107» маркалы машинаны айдап кеткен. Тәртіп сақшылардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автокөліктер мен оны айдап кеткен күдіктілер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді», - делінген ведомствоның таратқан ақпаратында. 

Іс материалына сәйкес, күдіктінің екеуі 29 және 45 жастағы азаматтар, енді бірі - жас қыз. Сондай-ақ, полиция өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері ұрланған 150 көлік иелеріне қайтарылып, 127 адам жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар