+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Алматы облысында көлік қағып көз жұмған жаяу жүргіншінің аты-жөні анықталмай жатыр

2021 жылғы 14 қыркүйек 14:02
Бөлісіңіз:
Алматы облысында көлік қағып көз жұмған жаяу жүргіншінің аты-жөні анықталмай жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік қағып, мерт болған жаяу жүргіншінің кім екені белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда автокөлік 10 жасар қызды қағып кетті Петропавлда жүргіншілер өткелінде ер адамды көлік қағып кетті Талғарда 18 жастағы жігітті көлігімен қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 13 қыркүйекте түнгі сағат 22:20 шамасында болған.

«Алматы-Өскемен» тас жолының 36 шақырымында отыз жастағы Opel Calibra көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленушінің кім екені белгісіз. Ол ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмды. Қайтыс болған адам жаяу жүргіншіге арналмаған жерден өткен«, - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Қазір осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT