Алматы облысында көлік қағып кеткен келіншек жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік қағып кеткен келіншек әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың қазіргі ахуалы туралы ҚазАқпарат тілшісіне Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын қадағалау бойынша орынбасары Артур Қажыбаев айтып берді.

1982 жылы туылған Петрова Василиса ауруханаға миы шайқалып, жабық ми жарақатымен, сол аяғының жабық сынығымен, оң жақ тізесінің гемартрозымен түскен. «Қазір жағдайы бірқалыпты ауыр. Алайда, есін жиды. Сұрақтарға жауап береді. Егер жағдайы нашарлап кетпесе, бүгін жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылады», - деді Артур Қажыбаев. Айта кетейік, дүйсенбі күні Алматы облысы Өтеген батыр ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Жаяу жүргін жолынан өтіп бара жатқан анасы мен қызын көлік қағып кетті. Қатты соққыдан екі жаққа ұшқан анасы мен қызы шұғыл түрде жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды. 2009 жылы туылған қыз бала қазір травматология бөлімінде жатыр. Оның бас миы шайқалып, бас сүйегінің негізі сынған. Оған ем шаралары жасалды. Ал 1994 жылы туылған көлік жүргізушісі қазір аудандық ІІБ-да түсініктеме беріп жатыр. Оған қарсы ҚР ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар