Алматы облысында көлік қағып кеткен бүлдіршін ауруханадан шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында жолдан анасымен өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен бүлдіршін ауруханадан шығарылды. Баланың жағдайы туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасынан хабарлады.

2009 жылы туған Ангелина Солонская ауруханаға бассүйек сынығы, жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, бас сүйегінің сызықты сынығымен түскен. Балаға екі апта бойы қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Алайда дәрігерлер оған төсектен тұруға әлі рұқсат берген жоқ. Бала жергілікті дәрігерлердің бақылауында болады. Ал оның анасы 33 жастағы Петрова Василиса ауруханаға миы шайқалып, жабық ми жарақатымен, сол аяғының жабық сынығымен, оң жақ тізесінің гемартрозымен түскен. Қазір ол Іле аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Айта кетейік, 28 қазанда Алматы облысы Өтеген батыр ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. БМВ көлігі жаяу жүргін жолынан өтіп бара жатқан әйел мен 7 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті. Аталған дерек бойынша қазір ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 21 жастағы жүргізуші қазір түсініктеме беріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар