Алматы облысында көлік газ құбырын соғып, апатты жағдай туындады
Апатты жағдайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
«13 тамыз күні 23 сағат 17 минутта газ құбырын жүк көлігі қағып кеткендігі жайлы хабарлама келіп түсті. 23 сағат 55 минутта «Жетісу газ» ЖШС-нің қызметкерлері лапылдап жанған газды тоқтатты. Қазір газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді аталған ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.
А.Жұртбаевтың сөзінше, төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен тұрғын үй секторларының өртенуі жайлы дерек тіркелмеген. Жалпы ресми мәлімет бойынша, апатты жағдайдан 300-ден аса тұрғын үй газсыз қалған. Қазір барлық жұмыстарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Горит газовая труба. Посёлок Туздыбастау (Калинин), новая БАКовская дорога. Водитель фуры не рассчитал высоту газовой трубы и затащил за собой. Остальные трубы в окрайне рухнули как домино. Повреждены электро проводы. Работают пожарные