Алматы облысында көлік дүкенге соғылды: Бір адам қаза болып, үшеуі жарақаттанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жеңіл көлік дүкенге соғылып, жүргізуші мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 19 сәуір күні сағат 13:00 шамасында Қарасай ауданының Шамалған ауылында болғанын мәлім етті.

«Алдын ала ақпарат бойынша, «Kia Ceratto« автокөлігінің жүргізушісі Алдашев көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, жол жиегінде тұрған «Faw« автокөлігімен соқтығысқан. Одан әрі инерциямен дүкенге соғылған. Алған жарақаттары салдарынан «Kia Ceratto«автокөлігінің 79 жастағы жүргізушісі апат орнында қаза болды. Сондай-ақ оның үш жолаушысы түрлі жарақаттармен Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар