Алматы облысында көлік апатынан бір адам мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында көлік апатынан бір адам мерт болып, үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 43-ші шақырымында болған. Екі көліктің соқтығысуынан бір адам мерт болып, үш адам Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді»,-деді аталған ведомство өкілі.

Полицейлердің мәліметінше, қазір аталған фактіге орай соталды тергеу басталып, қажетті сарапталар тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар