Алматы облысында көлік апатынан бес адам зардап шекті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында төрт көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

«Көлік апаты Талғар ауданында Панфилов ауылындағы  Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында болған. Audi, Volkswagen Golf, Mercedes Sprinter маркалы көліктер соқтығысып, бес адам зардап шекті. Олардың барлығы аурухана жеткізілді. Қазір жол-көлік апатының мән-жайы толық анықталып жатыр», - деді аталған ведомстводан.

Оқиға орнына Талғар ауданының ІІБ полицейлері шұғыл аттанып кетті.

Соңғы жаңалықтар