Алматы облысында көлік апатынан 5 адам қайтыс болып, 7 адам жарақат алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 7 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оқиға 2 шілдеде, күндізгі сағат бір мен екі шамасында Райымбек ауданында болған. «Кеген-Нарынқол» тас жолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан  5 адам  қаза тапты.

«Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған факті Алматы облыстық Анықтау басқармасының  өндірісінде», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

null

Соңғы жаңалықтар