Алматы облысында көлік апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткен оқушы анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысының полицейлері көлік апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткен оқушы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға былтыр қарашаның 7-сі күні тіркелген. Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылында белгісіз автокөлік ат арбасына соғылған. Салдарынан 46 жастағы жергілікті тұрғын зардап шегіп, түрлі дене жарақатымен ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Көлік иесі зардап шегушіге көмектеспей, оқиға орнынан қашып кеткен. Жергілікті полицейлер атқарған жұмыстың нәтижесінде көлікті жүргізген күдікті ретінде 16 жастағы жасөспірім анықталып, ұсталды.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз әкесінің «Мазда-626» көлігін жүргізіп кеткен.

«Іс тергеу сараптамаларының нәтижесін күтуге орай және дәлелдемелердің жиналуына байланысты созылды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 2-тармағы және ҚР ҚК 347-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып. сотқа жіберілді», - деді Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің өкілі Серік Айнабеков.

Соңғы жаңалықтар