Валюта бағамдары:
    usd/kzt 422.01 eur/kzt 452.06

    rub/kzt 6.75 cny/kzt 62.72
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматы облысында көлік апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынды

2022 жылғы 26 қаңтар 14:37

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы жолаушы ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23-қаңтар күні Алматы-Талғар жолының 12-ші шақырымында болған.

«Тойота Прадо» және «Хонда Стрим» көліктерінің апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі және қылмыстық кодекстің 347 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Оқиға салдарынан «Хонда Стрим» көлігінің жүргізушісі және жолаушысы түрлі дене жарақатымен Алматы қаласындағы облыстық ауруханаға түскен. 20 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмған.

«Тойота Прадо» көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, көлікке соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полиция оны қолға түсірді. Тексеріс кезінде анықталғандай, жол талғамайтын көлікті ішкі істер органында қызмет істейтін адам жүргізген.

Облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп, ол адам 24-қаңтар күні жұмыстан қуылды. Қазір барлық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Автор:

Самал Қабышева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар