+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Алматы облысында ұрланған ішікті сүйіктісіне сыйлаған азамат ұсталды

2020 жылғы 26 наурыз 17:47
Бөлісіңіз:
Алматы облысында ұрланған ішікті сүйіктісіне сыйлаған азамат ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері күзен ішікті ұрлап, артынан пешке жаққан азаматты ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұры жымқырған аю терісін оның иесіне қайта сатпақшы болған Жамбыл облысында «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды Танымал режиссердің ұлы адам ұрды деп айыпталды

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұйғыр АПБ-нің кезекші бөліміне Шонжы ауылының 44 жастағы тұрғыны үйінен күзен ішігінің ұрланғаны туралы хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматтық некеде тұратын отбасылық жұп анықталып, ұсталды. Ұсталған 20 жастағы азамат пен 33 жастағы оның сүйіктісі дәлелдерден кейін өз ұрлықтарын толығымен мойындады.

Ұсталғандардың айтуынша, олар тұрғын үйлерін өзгертуді жоспарлаған, осы мақсатта түрғын үй іздеу барысында үйлердің бірінен қожайындардың жоқтығын анықтаған. Бұған дейін қарақшылық шабуыл жасағаны үшін істі болған отағасы сүйіктісіне сыйлық жасау мақсатында, терезе шынысын қысу арқылы үйге кіріп, күзен ішікті қолды қылған. Келесі күні аулаларды аралап жүрген полицейлерді көріп, олардың үйлеріне жақын жүргенінен қорқып, ұрланған ішікті пешке салып, жағып жіберген.

Ойланбай жасаған іс-әрекеттері үшін оларға заң алдында жауап беруге тура келеді. Азамат қамаққа алынды, ал оның азаматтық некедегі жары мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT