Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты 6 жол жабылды

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысында барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 3 ақпан күні таңертең Алматыдан алты бағыт бойынша көлік қозғалысына тыйым салынған.

Жауын-шашын мен температураның нөлден төмен түсуі түрлі бағытта жол жабылуына себеп болды.

Жабық жолдар:

Алматы-Қонаев (25-67 км, Іле ауданы)

Алматы-Шелек-Қорғас (25-320 км, Еңбекшіқазақ ауданы)

Ресей Федерациясының шекарасы Екатеринбург-Алматы (2436-2214 км, Жамбыл ауданы)

Алматы-Өскемен (78-124 км, Қонаев-Жоламан)

Алматы-Өскенем (16-25 км, Алматы-ПВП терминалы)

Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас (126-172 км).


Соңғы жаңалықтар