Алматы облысында клиентін өлтірген тату салонының қызметкері 14 жылға сотталды
2020 жылғы 25 ақпан 12:02

Алматы облысында клиентін өлтірген тату салонының қызметкері 14 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тату шеберіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Клиентін қасақана өлтірген тату салонының қызметкері Ф. 14 жылға сотталды. Ал қылмысты жасырып қалған Д. төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды»,- деп хабарлайды Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қаскелеңдегі тату салонының шебері 2019 жылдың қыркүйегінде 25 жастағы клиентін өлтіріп, оның көлігін өртеп жіберген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT