Алматы облысында кейбір ауыл округтері мен ауылдардың атаулары өзгертілді
деп хабарлады облыстық мәслихаттан.
Мәселен, Ақсу ауданының Қызылағаш ауылдық округының Заречное ауылы Ақтоған ауылы деп өзгертілді. Ақсу ауданының Ақсу ауылдық округындағы Казсельхозтехника ауылы Бәйтерек ауылы болып, Ақсу ауданының Есболатов ауылдық округінің Энергетик ауылы Таусамалы болып, Көксу ауданы Мұқыры ауылдық округының Мұқыры ауылының атауы Қалқа ақын, Алакөл ауданының Лепсинск ауылдық округі мен Лепсинск ауылы - Лепсі ауылдық округі мен Лепсі ауылы болып өзгертілді.
Облыстық мәслихат хатшысы Ардақ Сыдықтың айтуынша, Алматы облысы әкімдігінің бірлескен аталмыш қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі өз күшіне ол алғашқы ресми жария етілгеннен кейінгі он күнтізбелік күн ішінде, демек 2010 жылдың 11 желтоқсанында күшіне енеді.