+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Алматы облысында қайын апасын өлтірді деген күдікпен 29 жастағы келіншек ұсталды

2021 жылғы 8 шілде 16:05
Бөлісіңіз:
Алматы облысында қайын апасын өлтірді деген күдікпен 29 жастағы келіншек ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 29 жастағы әйел қайын апасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды Алматы облысында 65 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен екі шопан ұсталды

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған.

6 шілде күні түнгі сағат 3:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция басқармасына жер үйдің бірі өртеніп, ішінен 37 жастағы әйел адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түсті.

27 жастағы көрші түн ішінде оянып, өртеніп жатқан үйге көмекке жүгірген.

Ер адам жанып жатқан үйден кәмелет жасына толмаған 3 баланы және әйел адамды алып шыққан.

«Тергеу кезінде өрттен құтқарылған 29 жастағы әйел адам өлтірді деген күдікке ілінді. Ол өзінің қайын әпкесін өлтіріп, үйді өртегенін мойындады. Сөзінше, ол жасаған қылмысынан соң үйге бензин құйып, өзін де, балаларды да өртеп жібермек болған», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазір осы қанды қылмысқа қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті 29 жастағы әйел қамауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT