Алматы облысында қайық аударылып, 3 адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үрлемелі қайық аударылып, үш адам көз жұмды. Қаза болғандардың бірі 8 жастағы қыз бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, қайғылы жағдай кеше кешкі жетілер шамасында «Саз-Талғар» су қоймасында болған.

«Қайықта төрт адам болған. Оның біреуі әкелі бала. Ол 8 жастағы қыз баласымен бірге қайыққа мінген. Өкінішке орай, қызымен әкесі және тағы бір азамат көз жұмды. Қаза болғандар 1985,1987 жылғы азаматтар  және 2010 жылғы бала. Қайтыс болған  ер адамдар ішімдік ішкен екен. Тірі  қалған адам да қатты мас күйінде болған. Айта кету керек, Талғар ауданындағы «Саз-Талғар» су қоймасына суға түсуге қатаң тыйым салынған», - деді Азамат Жұртбаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Қапшағай су қоймасында 21 жастағы қыз баланың суға батқанын хабарлаған болатынбыз. Жалпы өткен тәулікте Алматы облысы бойынша 4 адам суға батып көз жұмды. Ал 1 маусым, яғни шомылу маусымы басталғалы 7 адам суға кеткен.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар