Алматы облысында кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысындағы Ескелді ауданында 51 жастағы кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Беттеріне бетперде киген бес жігіт үйге баса көктеп кіріп, кәсіпкерді байлап, үйдегі бағалы әшекей бұйымдар мен қомақты қаржыны қолды қылған. Оқиға 30 желтоқсан күні Ақтасты ауылының маңында болды. 

Ескелді ауданының тәртіп сақшылары облыстағы әріптестерімен бірге ұйымдастырған жедел іздестіру шарасы барысында бес күдікті де ұсталды. Оның біреуі кәсіпкердің шаруашылығында бұған дейін жұмыс істеген.

Қазір бес адам қамауға алынды. Ал олардан тәркіленген қару арнайы сараптамаға жіберілді. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 192-бабына сәйкес (Қарақшылық) іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Қазір  қылмыстық оқиға  облыстық  ішкі істер департаментінің басты қадағалауында.

Ал аталған мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған күдіктілердің жасы 22-30 аралығында.

Соңғы жаңалықтар