Алматы облысында кәсіпкердің көлігін жарып жіберді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында кәсіпкердің «Lexus» көлігін белгісіз біреу жарып жіберді. Қылмыс Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащысай ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнында 23 жастағы жігіт зардап шекті. Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы фактіге байланысты «Адам өлтіруге оқталу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Ал кәсіпкердің өзі зардап шекпеген. Көлікке жарылғыш зат қойған адам іздестіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар