Алматы облысында кәсіпкер ауылына спорт алаңын салып берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жерлестерінің чемпион болғанын қалайтын қалталы азамат өз қаржысына спорт алаңын салып берді. Спорт алаңының ашылуына Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Байжанов қатысты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке кәсіпкер Мәулен Шапанбайұлы Мұқашев Мұқыры ауылында туған. Ол Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасына қолдау ретінде әрі жерлестерінің арасынан чемпион шықсын деген ниетпен спорт алаңын салып берді. Ауылдағы спорт нысанында футбол, баскетбол, волейбол мен теннис алаңдары бар. Футбол мен волейбол алаңы 42/22 метр, баскетбол мен теннис алаңы 30/22 метрді құрайды. Мұнда әр тұрғынның спортпен айналысып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндігі бар.

Спорт алыңының ашылу салтанаты барысында облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов барша ауыл тұрғындарын, спортшыларды, жаттықтырушылар мен барша спортқұмар жандарды құттықтады. 

«Туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен-алтын бесігін бір сәт естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептеуі тиіс. Өйткені, адам бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды», - деді жеке кәсіпкер Мәулен Шапанбайұлы.
null 

Ауыл тұрғындарының алғысына бөленген жаны жомарт азаматқа ауыл халқы құрметпен тұлпар мінгізіп, иығына зерлі шапан жапты.

null 

Соңғы жаңалықтар