Алматы облысында қарызын қайтармаған 105 борышкер қамалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жыл басынан бері қарызын қайтармаған 105 борышкер қамауға алынды. Олардың арасында әкімшілік айыппұлын өтемеген, алимент төлемеген азаматтар басым, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 400-ге жуық азамат мемлекетке ақша қарыз. Олардың тек 178-і 4 млрд, 600 млн теңге берешек. Мәселені шешу үшін құзырлы органдар бірлесе отырып арнайы рейдтер ұйымдастыруға мәжбүр. Полиция қызметкері жылжымалы қондырғы арқылы борышкер көлігінің мемлекеттік нөмірін анықтайды. Жол полицейі көлікті тоқтатады. Мамандар мәліметтер базасынан қарызын тауып берсе, сот орындаушылар өндіруге кіріседі. Берешегі көп болса көлігін айып тұрағына қойып, өзін қамауға алуға да құқылы.

"Мұндай рейдтер төрт жақты меморандумға қол қоюдың арқасында жүзеге асып жатыр", - дейді Алматы облыстық сот орындаушылар палатасы төрағасының орынбасары Руслан Исаев. Оның айтуынша, рейдтердің арқасында 2 млрд 150 млн теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылған.

Соңғы жаңалықтар