Алматы облысында қару сақталған орын табылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Алматы облысының Шамалған кентінің маңында қару сақталған орынды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 15:00 шамасында жергілікті полицейлер ІІМ қызметкерлерімен бірге Шамалған кентінің маңында кезекті қару сақталған орынды анықтады.
Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары екі қапты тәркіледі, оның ішінде 12 калибрлі үш тегіс ұңғылы мылтық, 410 калибрлі «Сайга» маркалы бір аңшылық мылтық, сондай-ақ «Вепрь» маркалы иір ойықты мылтық және 308 бен 7.62 мм калибрлі екі патроны бар екі ақсауыт болды.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.


Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар