Алматы облысында қару өткізгендерге 6 млн теңгенің өтемақысы төленді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының аумағында ұйымдастырылған акция аясында тұрғындар атыс қаруларын тәртіп сақшыларына тапсырды. Өз мәресіне жеткен шара барысында тұрғындар әртүрлі 147 қаруды өз еріктерімен өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сәуір айынан бастап тұрғындардан қаруларды қабылдау-тапсыру және сатып алуды бақылайтын 20 комиссия жұмыс атқарды. Қаруды өз еркімен тапсырғандар үшін жалпы құны 6 миллион теңгенің өтемақысы төленді. Өткізілген қарудың көбі - тегіс ұңғымалы аңшы мылтығы. Дегенмен, арасында сирек кездесетін көне түрлері де бар. Бұл акция жайлы ақпарат өңірлік және аудандық БАҚ-та үнемі жарияланды. Қазіргі таңда полицейлер осы шараны бұдан әрі жалғастыру үшін қосымша 5 миллион теңге қаржы бөлуге сұраныс жолдады»,- деп атап өтті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Шара барысында Талдықорған мен Сарқан қалаларының тұрғындары белсенділік танытып, ерікті түрде 50 жуық мылтық тапсырған. Мәселен, облыс орталығының бір тұрғыны өткізген 4 қаруға 200 мың теңгеден астам қаржы төленген.
Сонымен қатар, 79 адам қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.
- 23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
- «Томирис» фильміндегі каскадерлер әлемдегі ең беделді сыйлыққа ие болды
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
-
Қапшағай көлінде дауыл кезінде жағаға жете алмаған балықшылар құтқарылды
-
Боранға байланысты Қапшағайдан ШҚО шекарасына дейінгі жол жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам