Алматы облысында қарттардың ақшасына ауыз салған әлеуметтік қызметкер шартты түрде 3 жылға сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қарттардың ақшасын меншіктеп алған әлеуметтік қызметкер шартты түрде 3 жылға сотталды.

Лауазымды тұлғаның 2 299 077 теңге көлеміндегі зейнетақыларын ұрлау фактісі аудан прокурорларының Ұйғыр аудандық «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» бөлімінің қызметін тексеруі кезінде анықталды.

Ұйғыр ауданының прокуроры Шәміл Күтеловтің хабарлауынша, аталған фактімен ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөліміндегі 1 және 3 тармақшаларымен қылмыстық іс қозғалып, сол алдындағы тергеуді жүргізу үшін жіберілді.

«Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу аяқталып, Ұйғыр аудандық сотының үкімімен азамат К. ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөліміндегі 1 және 3 тармақшаларымен қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танытылып, шартты түрде 3 жылға сотталған», - деп нақтылады Ш.Күтелов.

Соңғы жаңалықтар