Алматы облысында Қаратал өзені арқылы көпір құрылысы аяқталуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында Талдықорған-Үштөбе тас жолындағы Қаратал өзені арқылы көпір құрылысы аяқталуда, деп хабарлады жолаушылар көлігі және көлік жолдары басқармасынан.

Жұмыстарды «Асыл жас» ЖШС мердігерлік ұйым мамандары жүргізді. Осы жерде жарты ғасырдан астам уақыт тұрған ескі көпір өзінің пайдалану мерзімін аяқтаған еді, ал жаңа көпірдің пайдалану мерзімі өте ұзақ болады, деп хабарлады басқармадан.

Басқарма мамандарының айтуынша, ескі көпір 1961 жылы салынған. Бірақ жыл өткен сайын оның бекітпелері мен тіреулері жарылып, үгітіле бастады. Биылғы жылы облыстық бюджеттен жаңа көпір құрылысы мен өткел салуға 144 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Асыл жас» ЖШС өндіріс бастығы Асылхан Махамбетовтің айтуынша, таяу күндері уақытша өткелді бұзу жұмыстары басталады. Оның айтуынша, Қаратал өзені арқылы өтетін көпір тек мықты ғана емес, көлік өткізуі де жоғары болмақ.

Соңғы жаңалықтар