Алматы облысында карантинге жабылған 4 саяжайдың айналасы қазылып жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында карантинге жабылған 4 саяжайдың айналасы қазылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» және «Береке» саяжайлары бір-біріне жақын орналасқан. Осы елді мекендердің айналасы қазылып жатыр. Бұл, көліктер саяжайдан шығып кетпес үшін арнайы жасалуда. Жалпы, карантинге жабылған аймақта 9 мыңға жуық халық тұрады.

«Еңбекшіқазақ ауданында жаңадан тіркелген 9 азамат коронавирусты жұқтырған науқастардың бірінің жақын туыстары. Олар дер кезінде оқшауландырылған болатын. Бірден 9 адамның жұқтырғанын ескере келе, Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дәрігері осы аталған аудандағы 4 саяжайды карантиге жабу туралы шешім қабылдады. Осыған сәйкес, күштік құрылымдар карантиндік тәртіптің қатаң сақталуын бақылайтын болады. Сонымен қатар, тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында осы 4 саяжайдың тізімі жасалуда», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 21-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар