Алматы облысында карантин талабын бұзғандардың үстінен 2260 әкімшілік іс қозғалған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтыр Алматы облысында карантин талабын бұзғандардың үстінен 2260 әкімшілік іс қозғалған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы Алматы облысы бойынша карантин талаптарын бұзғаны үшін 2260 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде, жұмыс режимін шектеуді бұзу-116; маска режимін сақтамау (Маска, қолғап болмауы) - 1594; отбасылық, естелік іс – шараларды өткізу-357; лимит санын сақтамау-31; дезинфекциялық режимді сақтамау - 4 және басқалары-158. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2147 хаттама толтырылды. ӘҚБтК 64-1-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты 113 әкімшілік іс тоқтатылды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, карантин режимінің талаптарын бұзу бойынша 173 330 370 теңге сомасына 2147 әкімшілік айыппұл салынды. Олар бойынша мемлекет кірісіне 161 644 865 теңге өндіріліп алынды.

Әкімшілік істің 27 материалы сотқа берілді.


Соңғы жаңалықтар