Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында карантиндік режим мамыр айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен аудан және қала ішіндегі посттар алынып тасталды. Бірақ, аудан және облыс шекераларындағы блокпосттар жұмысын жалғастырады. Алматы облысында карантиндік режим мамыр айының соңына дейін жалғасады», - деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел Facebook - тегі парақшасында.

Айта кетейік, Алматы облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин режимі кезең-кезеңмен жеңілдетілуде. Қазір облыста жалпы аумағы 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер өз жұмыстарын қайта бастады. Сондай-ақ Талдықорғандағы әуежай да іске қосылды. Сонымен қатар, көлік жуу, көлік жөндейтін орындардың жұмысы қайта жанданды.


Соңғы жаңалықтар