Алматы облысында карантин күшейтілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан төмендегі шараларды өткізуге тыйым салынады.

- концерт залдарының, цирктердің, филармониялардың қызметіне;

- діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар өткізуге (жұма намазы, діни жоралар және т.б.);

- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізге;

- түнгі клубтардың қызметіне;

- қоғамдық тамақтану объектілеріндегі бар тіреулерде қызмет көрсету, ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметі (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);

- «Ashyq» жобасына қатысушы объектілерде 30 адамға дейін еске алуды өткізуді қоспағанда, салтанатты, бұқаралық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар, корпоративтер және т.б.), ашық ауада және жабық жайларда ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру, өткізу және қатысуға болмайды;

2) кинотеатрлардың («Ashyq» жобасына қатысушылардың) толымдылығы 30% аспауы тиіс;

«600-ден астам оқушылар оқитын мектептер – қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылсын.

ЖОО-ы, арнайы орта білім беру объектілері аралас оқыту форматына ауыстырылсын. барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық сабақтар ыңғайластырылған кесте бойынша, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтеді.мектепке дейінгі білім беру – ата-аналардың (заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен оқытудың штаттық форматы болуы керек. Қосымша білім беру ұйымдарында - жеке сабақтар штаттық режимде, топтық - 10 адамға дейін, балалар/ересектерге арналған түзету орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін штаттық режимде өткізілуі керек»,- делінген Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысында.

Қаулы Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шықты.

Сонымен қатар, қызметкерлерде COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізілгеніне қарамастан мемлекеттік органдар, ұйымдар және кәсіпорындар персоналының (тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінен басқа) кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс нысанына көшуі тиіс.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. 13 қаңтарда 257 адамнан аталған індет анықталған.


Соңғы жаңалықтар