+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында карантин: Дүкен мен дәріханадан басқаның бәрі жабылады

2020 жылғы 10 шілде 22:11
Бөлісіңіз:
Алматы облысында карантин: Дүкен мен дәріханадан басқаның бәрі жабылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының аумағында ертеңнен бастап екі күн күшейтілген локдаун енгізіледі. Яғни азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа мекемелердің бәрі жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үй карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды Елордада дәрі-дәрмектерді қымбат бағаға сатып жатқан дәріханалар анықталды Батыс Қазақстанда 11 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

Тұрғындар да сыртта себепсіз жүруге болмайды. Егер тәртіп сақталмаса айыппұл салынады. Онымен қоса, демалыс күндері қоғамдық көліктердің де жұмысы тоқтайтын болды. Ал бес күн бұрын елімізде енгізілген қатаң оқшаулау шаралары аймақта аз болса да нәтижесін беріп жатыр. Өйткені өткен аптада вирустың таралуы 4,4 пайыз болған болса, қазіргі уақытта көрсеткіш 3,4 пайызды құрайды.

«2020 жылғы 11 және 12 шілдеде қоғамдық көліктің, сондай-ақ барлық объектілердің қызметін тоқтата тұруды қамтамасыз ету. Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар», - делінген Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасарының бүгін шығарған N20-шы қаулысында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT