+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысында қарақұйрық атқан қарағандылықтар ұсталды

2018 жылғы 20 қаңтар 13:49
Бөлісіңіз:
Алматы облысында қарақұйрық атқан  қарағандылықтар ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында заңсыз аң аулап жүрген 4 азамат ұсталды. Оқиға 17 қаңтарда таңғы сағат 04:30 Жамбыл ауданының Жусандала аумағында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған аймақтың инспекторлары рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында 4 азаматты қолға түсірген. Toyota Land Cruiser маркалы көлігіндегі 1963, 1971, 1975 және 1979 жылғы туған азаматтар Қарағанды облысының тұрғындары екені анықталды. Автокөлікті тексеру барысында 6 дана қарақұйрықтың өлі денесі, басы, 30 дана оқығымен 3 мылтық табылды.

Ерекше қорғалатын аймақта заңсыз аң аулаған азаматтар жалпы 17 млн 316 мың теңгенің шығынын келтіріп отыр. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабына сәйкес іс қозғалды. Тергеумен Жамбыл ауданының полицейлері айналысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT