Алматы облысында қарақшылық жасағандар сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қалалық соты қарақшылық жасаған екі азаматқа үкім шығарды. Қылмыскерлер күш көрсету арқылы жәбірленушінің құнды заттарын тартып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес сотталушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төндірген. Сондай-ақ оның бағалы заттарын тартып алып, 3 460 800 теңге көлемінде шығын келтірген.

Текелі қалалық соты қылмыскерлерді ҚР ҚК 188 бабы, 2-ші бөлімінің 1,2,3 тармақтары және 192 бабы 3-ші бөлігі, 2-ші тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, олардың бірі 7 жылға, екіншісі 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне еңген жоқ.

Соңғы жаңалықтар