Алматы облысында қар құрсауында қалған адамдар саны 200-ге жуықтады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қар құрсауында қалған адамдар саны 200-ге жуықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Сарыөзек-Көктал жолының бойында 200-ге жуық адам мен 60-тан аса автокөлік қар құрсауынан құтқарылды. Аталған бағытта әлі де жол жабық. Ауа райы аса суық болмаса да, ұйытқып соққан жел қарды боратып, жолды жауып тастап отыр. Арнайы техника тас жолды тазалап үлгермей әлек.

null  

Тәртіп сақшыларының ескертуіне қарамастан халық жолға шығып, Алтынемел асуынан өз күшімізбен өтеміз деп қарсылық білдіруде.   Төтенше жағдай саласының өкілдері жолаушыларға жолға шықпау жөнінде ескерту жасауда. Алдын ала ауа райының қолайсыздығына байланысты ұялы телефондарға смс хабарламаларын жолдап жатыр. Сол себепті тұрғындар ақпаратқа құлақ асса дейді.

null null 

Соңғы жаңалықтар