Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы облысында наурыздың 20-21 аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Алматы облысында ертең жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты Алматы облысындағы таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар, наурыздың 21-25 аралығында ауа райының күрт жылынып, қардың еруіне байланысты Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен. Осыны ескере отырып, қалалық ТЖ қызметкерлері Алматы қаласының туристері мен қонақтарын атаулы аймаққа шығуға доғара тұру жөнінде кеңес беріп отыр.

Соңғы жаңалықтар