Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі сақталады

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысы аумағында қар көшкіні жүру қаупі сақталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысының тауларында 26-31 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталатынын ескертті.

«Азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», - делінеді хабарламада.

Еске салайық, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Қар көшкінінің түсуі негізінен температура фонының жоғарылауы, жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар