Алматы облысында қар көшкіні туралы ескертілді
2017 жылғы 29 наурыз 09:19

Алматы облысында қар көшкіні туралы ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкіндігі туралы ескертті.

«Қардың қалың болуы мен жылымыққа байланысты 29-31 наурыз аралығында Алматы облысының таулы аумақтарында, Талас Алатауы мен Өгем жотасы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады. Қалған таулы аумақтарда қардың өздігінен түсуі күтілмейді. Осыған орай, қары қалың бөктерлерге шықпауға кеңес беріледі», - делінген Комитет хабарламасында.

Jańalyqtar

MURAǴAT