Алматы облысында Қапалға баратын жол жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Қапалға баратын жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдықорғаннан Қапалға баратын жолдың 76 шақырымы жабылды. Шектеу Талдықорған-Өскемен тас жолының Қапал ауылына  бұрылатын тұстан басталады», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Төтеншеліктердің айтуынша, қазір осы аймақта қатты боран соғып тұр. Жол қозғалысына шектеу кешкі сағат 17:00 дер шамасында енгізілді.

Соңғы жаңалықтар