Алматы облысында «Қапал-Арасан» жолы жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Қапал-Арасан» жолы боран салдарынан жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлауы бойынша, 20 желтоқсан күнгі сағат 19:15-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Алматы-Өскемен а/ж – Қапал-Арасан шипажайы» облыстық маңызы бар автожолдың 0-45 шақырымында барлық көліктерге жол жабылды.

«Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды» делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Ведомствоның өкілдері алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайға қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүру керегін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар