Алматы облысында қаңтардағы дүрбелеңде сауда үйін тонағандар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қаңтардағы дүрбелеңде Апорт сауда орталығында ұялы телефондарды қолды қылған жергілікті тұрғын ұсталды. Бұрын сотталған азаматтан бағасы қымбат 12 смартфон мен 4 планшет айғақ зат ретінде тәркіленді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы Қарасай ауданы бойынша қазіргі таңда тонау дерегі бойынша 20 күдікті анықталып, олардан 200-ден астам тұрмыстық және компьютерлік техника табылды. Қаңтар оқиғасына қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатында ауданда кешенді шаралар жалғасып жатыр. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар қаралып, куәгерлерден түсініктеме жинастырылуда.

«Күдіктілер қолды қылған заттар иелеріне қайтарылды. Аудан аумағында тонау деректерін анықтау бойынша кешенді шаралар әлі жүріп жатыр. Барлық іс-қимыл аудандық және облыстық полиция департаменті басшыларының тікелей қадағалауында», - деді Қарасай аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Серік Тұрпанбаев.


Соңғы жаңалықтар