Алматы облысында қан тапсыратындардың саны өзге аймақтармен салыстырғанда 5 есеге аз

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында донорлардың саны өзге аймақтармен салыстырғанда бес есеге аз. Бұл жөнінде облыстық қан орталығы директорының орынбасары Серік Әбдіразақов мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау жүйесінің  стандарттарына сәйкес,  әр мың адамға 40 донордан болуы керек. Біздің көрсеткіш оған жетіңкіремейді. Алматы облысында  1000 адамға 8 донордан ғана  келеді», - дейді облыстық қан орталығы директорының орынбасары.

Облыстық қан тапсыру орталығы  Талдықорған қаласындағы ауруханалар мен 8 ауданды қамтамыз етеді. Күніне әр мекемеге 10 литрға жуық қан керек. Сол себепті халықты донор болуға шақырады.  Еске сала кетер бір жайт, қан тапсыратын донорлардың денсаулығына қойылатын талап жоғары. Донор болғысы келетін адамдар алдын ала дәрігерлік және лабораториялық тексеруден өткізіледі. Сонымен қатар  алкогольдік сусындарды қолдануға тыйым салынады. Мамандардың сөзінше тұрақты донор болу денсаулыққа өте пайдалы. Ағзадағы  қан тазарып, адам өзін өте сергек және жеңіл сезінеді екен. 

Соңғы жаңалықтар